Алматы мұражайында "Әбішев әлемі" атты көрме ашылды

16 Сәуір 2021, 17:46
Сурет: видеодан алынды

Алматы мұражайында халықаралық ескерткіштермен тарихи орындар күніне арналған "Әбішев әлемі" атты мүсіндер көрмесінің ашылуы өтті. Көрменің ашылу салтанатына зиялы қауым өкілдері, Бақытжан Әбішевтің жақындары, шәкірттері және өнерін бағалайтындар жиналды, деп хабарлайды zakon.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

"Енді артына ол көптеген мұра қалдырды. Жалғыз ана ескерткіш емес. Міне, өздерің көріп тұрсыңдар, қандай жұмыстары. Бұл тек қана ширегі ғана", – деді Әбішевтің жары Шәмшәгүл Мендиярова.

"Бақытжан қазақ сәулет өнеріне ерекше үлес қосқан шебер. Ол кісі біздің қазақтың мәдениетін, тарихын, әдебиетін жақсы білетін. Сондықтан оның қолынан шыққан туындылардың ар жағында ұлттық рухымызды көрсетіп тұрады", – деді Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов.

Мұражайда автордың "Құлагер", "Күту" "Салт атты", "Құрылтай", "Палуандар", "Тұңғыш" және тағы да басқа мүсіндік туындылар ұсынылды. Көрменің ерекшелегі келешек ұрпаққа ұлттық құндылығымызды насихаттап, қасиетімізді мүсін өнері арқылы жеткізу, дейді ұйымдастырушылар.

"Тәуелсіздік алғанан кейінде талай ескерткіштер бар. Оның өзі Бақытжан ағаны үлгі тұтады. Оны қасиет тұтады. Себебі ол кісінің тұла бойы түгел қазақтың ұлттық сынын жоғалтпай, қасиетін, мінезін жоғалтпай, әрқайсысын тағдырға айналдырып, жасайтын таланты ол талай мүсіншіге үлгі", – деді Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бақыт Беделханұлы.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?