Алматыға көшіп келіп алған Қайрат Нұртасқа көршілері шағымданды

16 Сәуір 2021, 17:50
Сурет: zakon.kz

Қайрат Нұртастың басынан дау арылмай жатыр. Оның үстінен алматылықтар шағым жазып жіберіпті. Әнші жуырда сатып алған дүңкиген дәу көлігін Алматыдағы тұрғын үй кешенінің паркингінде бөтен адамдарға тиесілі орынға қойып кете береді екен, деп хабарлайды zakon.kz.

Жұрт VIP нөмірлеріне қарап-ақ, көлік иелері Қайрат Нұртас пен оның анасы Гүлзира Айдарбекова екенін біліп қойды.

Тұрғындардың айтуынша, бұлар бұрыннан сөйтіп келеді екен. Қайраттың су жаңа Lexus LX 570 көлігін алғаны құрсын, мәшинесін біздің орнымызға қоятын болды, дейді олар.

Қайрекең өткенде тойдан қашқан еді. Қала билігі оған айыппұл салып жіберген болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kairat Nurtas (@knnurtas)


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?