Бір тәулікте Алматыда 3 мың адам екпе салдыртты

19 Сәуір 2021, 10:28
Сурет: hightech.fm

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, Алматыда өткен тәулікте 3 050 адам коронавирусқа қарсы екпе салдыртты, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматыда 1 ақпаннан 18 сәуірге дейін 134 484 адам вакцинацияланды.

Қалада 203 екпе салу пункті бар, онда 1 809 медицина қызметкерлерінен тұратын 406 екпе салушы бригада жұмыс істеп жатыр.

18 сәуірде Алматыда коронавирус инфекциясының 665 жағдайы тіркелді, оның 77-сінің симптомы білінбейтінге жатады. Ем-дом алғандардың 61-і жазылды, аурухана түскен науқас саны - 222.

Жұқпалы аурулар ауруханаларында (6 060 төсек) 4 014 адам (110 бала), олардың 896-сы ересек әрі өте ауыр дәрежеде, 3 118 науқас - орташа ауырлық дәрежесінде. Жан сақтау бөлімінде 245 (205 төсек бос) науқас бар. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандар - 22.

Амбулаториялық бақылауда 6 246 науқас бар:жеңіл және орташа деңгейдегі симптомы нақтыланғандар - 5 475 және ауру белгілері білінбейтіндер - 771.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?