Алматыда өткен тәулікте 3 мыңға жуық адам екпе салдыртты

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2021 18:42 inform.kz
Аурудың таралу деңгейі бойынша Алматы әлі "қызыл" аймақта қалып отыр.

25 сәуірде Алматыда 3 918 адамға вакцина салынды, деп хабарлайды zakon.kz.

1 ақпан мен 25 сәуір аралығында қалада барлығы 161 953 адамға вакцина салынды, - деп хабарлады Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгіндері 209 медициналық бекетте құрамында 1 201 ақ халаттылар бар 303 екпе бригадасы жұмыс істеп жатыр.

25 сәуірде QazVac отандық вакцинасының алғашқы траншы алынды, жалпы мөлшері - 6000 доза (1 және 2 компоненттер).

25 сәуірде қалада коронавирус инфекциясының 693 жағдайы тіркелді, оның 600-і - белгісі барлар, 93-і - ауру белгісі білінбейтіндер.

Қаланың жұқпалы аурулар ауруханаларында 4 044 адам жатыр. Оның 114-і - балалар.

Аурудың таралу деңгейі бойынша Алматы әлі "қызыл" аймақта қалып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: