Қазақстанның Бельгия мен Үндістандағы елшілері тағайындалды

19 Сәуір 2021, 11:34
Сурет: 24.kz

Қазақстанның Бельгия мен Үндістандағы елшілері тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы лауазымына тағайындалды. Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", делінген Ақорда жариялаған хабарламада.

Баймұхан Марғұлан Бақытұлы бұған дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?