Ресей адамның екпе алған-алмағанын анықтайтын тест паттентеді

inform.kz inform.kz
Тест реактивтері вакциналарға арналған, ең бірінші кезекте "Gam-COVID-Vac" -қа ("Sputnik V").

Ресей коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін науқастың қанынан антиденелерді анықтауға арналған алғашқы тестіні патенттеді, деп хабарлайды zakon.kz.

РБК мәліметтері бойынша, иммунохроматографиялық талдау әдісіне негізделген (антиген мен сәйкес антидене арасындағы реакцияға негізделген) тест үшін қан тамшысы ғана қажет. Нәтиже 15 минут ішінде анықталады, ал оның сенімділігі 96% құрайды.

Тест реактивтері вакциналарға арналған, ең бірінші кезекте "Gam-COVID-Vac" -қа ("Sputnik V").

Ол тестіні үйде отырып, сынай аласыз. Сынақ жиынтығына мыналар кіреді: алкогольді майлық, стерильді ланцет, биопрепаратты беруге арналған пипеткалар. Тест ауруға қарсы тұрақты иммунның қалыптасуын бақылау үшін вакцинациядан бұрын да, одан кейін де қолдануға пайдалы. Тест аурудан кейін пайда болатын төзімді IgG антиденелерін де анықтайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз