Президент Ғазиза Әбдінәбиеваның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

19 Сәуір 2021, 16:24
Сурет: Facebook/Берік Уәли

Президент көрнекті театр және кино актрисасы Ғазиза Әбдінәбиеваның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, көрнекті театр және кино актрисасы Ғазиза Мәкешқызы Әбдінәбиеваның дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады.

"Ғазиза Мәкешқызы әр жылдары Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында және М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет жасады. Бірқатар отандық фильмдер мен телесериалдарда басты рөлдерді сомдап, көрерменнің жоғары бағасын алған еді. Ол әрбір қазақстандықтың жадында жарқылдап, жадырап жүретін бейнесімен қалды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – делінген жеделхатта.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?