Тоқаев Нұртілеу Иманғалиұлының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2021 18:55 Хабар 24
Жеделхат мәтінін Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желіде жариялады.

Мемлекет басшысы белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың танымал журналист, қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлының отбасы мен жақын туыстарына жолдаған көңіл айту жеделхаты мәтінін Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жариялады.

"Нұртілеу Иманғалиұлы телевизия саласында өзінің қолтаңбасын қалдырды. Ұзақ жылғы шығармашылық жолда жемісті еңбек етіп, халқымыздың рухани-мәдени байлығын дамытуға мол үлес қосты. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", – деп жазылған жеделхатта.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: