Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев академик Серік Қирабаевтың отбасына көңіл айтты

facebook.com / Берік Уәли facebook.com / Берік Уәли
Бұл туралы Facebook-те Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

Мемлекет басшысы академик Серік Қирабаевтың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Серік Смайылұлы Қирабаевтың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Facebook-те Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

– Серік Смайылұлы өнегелі ғұмыр кешіп, бар күш-жігерін отандық ғылымды дамытуға арнады. Қазақ әдебиетін терең зерттеп, ұлттық қазынамызды жарқыратып көрсетуге сіңірген еңбегі өте мол. Көптеген еңбектердің, монографиялардың және оқулықтардың авторы атанды. Білікті мамандар даярлау ісіне де орасан зор үлесін қосқан еді. Соңына өшпес із, ғылыми мол мұра қалдырған ұлағатты ұстаз Серік Смайылұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Халқымыз есімін әрдайым ардақ тұтады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын, – деп жазылған Қазақстан Президентінің жеделхатында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: