Мейрам Бегентаев Сәтбаев университетіне ректор болып тағайындалды

satbayev.university satbayev.university
Ректор міндетін Амандық Тулешев уақытша атқарып келген.

20 сәуірде Сәтбаев Университетінің ұжымына жаңа ректор таныстырылды. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен республикалық конкурстық комиссияның шешімімен техникалық университеттің ректоры лауазымына Мейрам Мұхаметрахимұлы Бегентаев тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мейрам Бегентаев – Қазақстанның мемлекет және саяси қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылымдағы депутаты.

2001 жылдан бастап ол жоғары білім беру жүйесінде бірқатар басшылық қызметтер атқарды;

Павлодар қалалық мәслихатының III-IV шақырылымдарының депутаты.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен (2005), "Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен, құрмет грамоталарымен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

ҚР Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2008).

Соңғы екі жылдан бері С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры қызметін атқарған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз