Ербол Қарашүкеев Ауылшаруашылығы министрі болып тағайындалды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2021 22:35 primeminister.kz
Ол бүған дейін осы міндетті уақытша атқарып келген.

Мемлекет басшысы Ербол Қарашүкеевті Ауылшаруашылығы министрі етіп тағайындады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қарашүкеев Ербол Шырақпайұлы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Ербол Қарашүкеев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ бітірген (1997), Қазіргі заманғы гуманитарлық институтты тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі — экономист, бакалавр академиялық дәрежесімен менеджмент саласындағы маман, экономика магистрі, заңтану бакалавры.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Статистика агенттігі Талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасының бас маманы болып бастаған.

- ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің консультанты (1999-2001);

- коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеген (2001-2003);

- "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ Қаржы департаментінің директорының міндетін атқраушы, директоры – басқарма мүшесі (2003-2006);

- ҚР Қаржы министрлігінің жиынтық-талдау департаменті, "ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарушы директоры (2006-2007);

- "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі (2007-2009);

- Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы" РМК директоры (2010-2012);

- "ҚБТУ мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институты" ЖШС бас директоры, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2012-2016);

- ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2016-2019);

- ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы (2019 жылғы қаңтар-сәуір аралығында)

- "ҚазАгро" холдингі" АҚ басқарма төрағасы (2019-2021);

- ҚР Қаржы вице-министрі (2021 жылғы сәуір-шілде аралығында);

- ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі – министрдің міндетін атқарушы (2021 жылғы шілде айынан бастап).

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: