Жайылым мен егістік жерлерге ғарыш мониторингі сапалы жүргізіледі

21 Сәуір 2021, 09:36
Сурет: "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ

Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) қызметін "Қазақстан Ғарыш Сапары" компаниясы өзінің KazSat-1 (жоғары рұқсат), KazSat-2 (орташа рұқсат) жерсеріктерімен жүзеге асырады.

Жалпы, ЖҚЗ деректерін тақырыптық талдау бойынша жұмысты "ҚҒС" ҰК" АҚ 10 жылдан астам уақыт бойы жүргізіп келеді. Осы кезеңде жерсеріктерінен және тиісті талдау әдістерінен өңделген деректердің үлкен көлемі жинақталды. Осындай қордың көмегімен ғана нейрондық желілердің алгоритмдерін оқыту негізінде ЖҚЗ деректерін тақырыптық өңдеу және талдау процестеріне автоматтандыру құралдарын енгізу мүмкіндігі туралы айтуға болады. Өйткені, нейрондық желілерді оқыту үшін неғұрлым сенімді бастапқы деректер болса, нәтижелердің дәлдігі соғұрлым жақсы болады.

"Қазақстан Ғарыш Сапары" қызметінің маңызды бағыттарының бірі жайылымдық және егістік жерлердің, су айдындарының, ормандардың, ҚТҚ жиналатын жерлердің және т.б. ғарыштық мониторингі болып табылады, өйткені, Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ауқымды алаңдары бар, өңделетін жерлердің қашықтықтан ғарыштық мониторингі егілген дақылдардың түрлерін айқындауға және олардың өсіп-өну жағдайын бақылауға, ауыспалы егісті ұтымды жоспарлауға, жайылым алқаптарының жай-күйін және олардың тозу дәрежесін бақылауға мүмкіндік береді. Ғарыштық мониторинг қай жердің пайдаланылатынын, қайсысы пайдаланылмайтынын анықтауға мүмкіндік береді, сондықтан ауылшаруашылық жерлерінің кадастрлық есебін дәлірек жүргізуге мүмкіндік береді. Осының барлығы нақты уақыт режимінде елдің барлық облыстарынан егістіктер мен жайылымдардан мәліметтер енгізілетін шоғырландырылған автоматтандырылған деректер базасын құруды талап етеді.

Өкінішке орай, бүгінде пайдаланылмай жатқан жерлердің алаңдарын анықтау бөлігінде ғарыштық мониторинг процесі жер басқармасының негізгі дерекқорлары – ҚР МЖК ААЖ, жер балансы арасында елеулі айырмашылықтармен бетпе-бет келіп отыр. Жердің ғарыштық мониторингін тиімді және жаппай енгізу жолындағы үлкен кемшілік ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті мен жергілікті атқарушы органдардан берілетін ақпаратқа қатысты кері байланыстың болмауы болып табылады. Жұмыс жылдары ішінде жинақталған барлық тәжірибені жоя алатын тағы бір мәселе – ғарыштық мониторинг қызметтерін конкурстық негізде біліксіз ұйымдарға беру.

Жақында "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ жер ресурстарын ұтымды пайдаланудың ғарыштық мониторингі бойынша қызметтер көрсете бастады. Тегін сервистерден алынған төменгі рұқсат суреттерін пайдалана отырып, аталған компания ЖАО мен фермерлерге бір жылға құны 1 АЕК шарт жасай отырып, егістік жерлер мен жайылымдарды пайдалану/пайдаланбау мониторингі бөлігінде қызметтер көрсетеді. Бұл компания өкілдерінің өздері мәлімдегендей, бұл мемлекет үшін тегін. Бірақ олар фермер бәрін төлейтінін түсінеді. Бұдан басқа, мониторинг үшін анықталмаған кадастрлық деректерді және төмен ажыратымдылықтағы суреттерді пайдаланатын бейінді емес ұйым ғарыштық мониторинг саласында жоғары дәлдікпен қызмет көрсете алмайды. Мысал ретінде "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ мен "Қазақстан Ғарыш Сапары"АҚ пайдаланатын суреттерді салыстыруға болады. Бірінші суреттердің ажыратымдылығы – пиксельге 10-60 метрден, екіншісі – кескіннің пикселіне 1-6,5 метрден.

Әрине, уақыт өте келе біз мониторинг қызметтерін бәсекелестік ортаға беруге де, талдаудың көптеген үрдістерін автоматтандыруға да келеміз. Бірақ бұл үшін бастапқы Мемлекеттік Деректер базасын ретке келтіру, стандартталған әдістемелерді әзірлеу бойынша мұқият жұмыс жүргізу, сондай-ақ тиісті нормативтік-техникалық құжаттарды дайындау талап етіледі.

АШМ ӨСЖК өңірлердегі ғарыштық мониторинг деректерін растау және қолданылатын әдістемелер мен алгоритмдерді жетілдіру мақсатында қабылданған шаралар туралы ақпаратты ұсынумен кері байланыс түрінде жұмысты жалғастырады деп үміттенеміз.

Өскен Тойшыбеков,

"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ" кеңістіктік деректер Департаменті директорының орынбасары


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?