Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы көлік министрлігін қайта құрған жөн деп есептейді

Мемлекет басшысы көлік министрлігін қайта құрған жөн деп есептейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2023 12:04 Сурет: Zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыруы керек екенін айтты. Осылай уақыт өте келе көлік-логистика саласындағы ірі мемлекетке айналуымыз қажет.

Президенттің сөзінше, Қазақстанға теңіз инфрақұрылымын дамытуға арналған біртұтас жоспар керек. Онда Құрық портына айрықша мән берілуге тиіс.

"Құрықты Ақтау порты сияқты толыққанды логистикалық кластерге айналдыруымыз қажет. "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық дәлізі де өте маңызды. Сол арқылы Парсы шығанағына шығуға болады. Біртіндеп бұл бағыттағы теміржол желісінің өткізу мүмкіндігін екі есе арттыру керек. Алдымен "Болашақ-Челябинск" теміржол желісінің Қазақстандағы бөлігін жаңғыртуға кірісу қажет. Халықаралық дәліздермен тиімді байланыс орнату үшін логистика қызметін толық ұсыну маңызды. Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе әуежайлары мультимодальды орталық болуға тиіс". Мемлекет басшысы

Бұл орталықтар бәсекеге қабілетті болу үшін жүктерді қабылдау және тарату қызметі сапалы атқарылуы керек. Жалпы саланы дамыту үшін тариф және реттеу саясаты дұрыс жүргізілуге тиіс. Жеке инвестицияны көптеп тарту керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Жалпы алғанда, Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыруы керек. Осылайша, уақыт өте келе көлік-логистика саласындағы ірі мемлекетке айналуымыз қажет" деп атап өтті.


"Көлік-логистика саласын қарқынды дамыту – бұл стратегиялық міндет. Үш жылда оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кемінде 9 пайызға жетуге тиіс. Ол үшін саланы тиімді басқару өте маңызды. Сондықтан Көлік министрлігін қайта құрған жөн. Бұл министрлік жол инфрақұрылымын салумен де айналысады".Президент
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: