Өліп қала жаздаған итбалықтың күшігі

21 Сәуір 2021, 11:53
Сурет: Facebook

Каспий теңізінің жағасына шығып қалған итбалықты күшігі құтқарылып, Ақтаудағы Каспий итбалықтарын зерттеу және қалпына келтіру орталығына жеткізілген еді. Уақыты толып дүниеге келмеген күшіктің қазіргі жағдайы жақсы, ваннадағы суда жүзіп жүр, деп хабарлайды zakon.kz.

Итбалықтың күшігі 29 наурызда таңертең Баутинодағы Каспий жағалауынан табылды. Куәгерлердің айтуынша, итбалық сол жерде 2 күн жатып қалған.

Орталық мамандары дереу оқиға орнына жетіп, сол жерде итбалық күшігіне тексеру жүргізіп, алғашқы ветеринариялық көмек көрсетті. Оның жағдайы ауыр және сұлқ, қимылсыз жатқан. Сол күні сағат 14.00-де ол Ақтау қаласындағы Каспий итбалықтарын зерттеу және қалпына келтіру орталығына жеткізілді. Сарапшылар итбалық баласының жасы 1 ай, ал дене салмағы 4,4 кгелі екенін анықтады, дегенмен бұл жаста оның салмағы 10-12 келі болуы керек. Орталыққа оның жеткізілгеніне, міне тура екі апта болды. Кешеден бері ваннадағы суда ол өздігінен жүзіп, балық аулай бастады. Күшіктің салмағы 7 келіге жетті және үнемі салмақ қосуда (Орталыққа түскен кезде салмағы небары 4,4 кг болды). Даму динамикасы жақсы, прогресс бар. Тәбеті де жақсарған, өздігінен тамақтана бастады және ширақ. Мамандар эктопаразиттерден (итбалық биттерінен) тазарту процедурасын өткізді, - деп хабарлады орталықтағылар сүйкімді күшіктің видеосын жариялай отырып,

Жануардың жағдайын алдын-ала бағалай отырып, орталықтағылар ол кем дегенде әлі екі ай, яғни толық оңалғанға дейін осында болатынын айтады. Осы уақыт ішінде ем-дом жүргізіліп, дұрыс тамақтандырылады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?