Петропавлда көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерін су басты
![zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2018 20:34](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-06/file-8458c62b-b737-45ff-b85e-d35cf939cd0d/800x450.webp)
Жауын салдарынан Петропавл тұрғындары да зардап шегіп жатыр. Шаһарда көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерін су басқан, деп хабарлайды Хабар 24.
Толассыз жауған жауын-шашын петропавлдықтарды да әбігерге салды. Екі күн бойы жауған нөсердің салдарынан бірнеше көшеде ағын су ағып, аулаларды су басып қалған. Мұнымен қоса, су жеке секторда орналасқан бес үйге кірді. Сондай-ақ бірнеше көпқабатты тұрғын үйдің жертөлелері су астында қалды. Табиғаттың тосын мінезі коммуналдық қызметті де аяғынан тік тұрғызды. Қазір шаһарда 6 техника және 20-дан астам адам су сору жұмыстарымен айналысып жатыр. Жалпы арнайы қызметке тұрғындар тарапынан 40-қа жуық қоңырау түскен.
Ал «Қазгидромет» мамандарының айтуынша, соңғы бірнеше тәулікте бір айлық мөлшердегі жауын-шашын бірақ жауған.