WhatsApp-тағы аудиохабарлама екібастұздықтарды шошытты

21 Сәуір 2021, 12:06
Сурет: azattyq-ruhy.kz

WhatsApp-та дабыл қаққан Екібастұз тұрғындары қыз бала ұрланғаны туралы аудио хабарламаны таратып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Аудио хабарлама авторы көршісінің қызына қатысты оқиғаны баяндайды.

Қыздар-жігіттер, бәріне сәлем. Көрші әйел қызының түскі бірде мектептен қайтып келе жатып, жеке сектордағы үйлер арасымен жүргенін айтады. Сол кезде алдынан екі ер адам шығып, оны қара көлікке тыққан. Әйтеуір, бір амалын тауып, қыз дүкеннің маңында көліктен сытылып шығыпты. Сондықтан, бір-бірден жүруге болмайды. Істің мән-жайын толық біліп алайын, одан соң тағы хабарлаймын, - дейді әйел.

Бұл ақпаратқа қатысты қалалық полиция түсініктеме берді.

Тексеру жүргізілді. Бұл факт расталған жоқ. Ересектердің назарын аудару үшін қыз осы оқиғаны ойлап тапқан. Құрметті ата-аналар, балаларыңызға назар салыңыздар, - деп нақтылады полициядағылар.

Сонымен қатар полиция қасақана жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын еске салды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?