Есімов Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды

21 Сәуір 2021, 23:42
Сурет: inbusiness.kz

Ахметжан Есімов Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің сайты хабарлайды.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен Ахметжан Смағұлұлы Есімов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды". делінген хабарламада.

Алдында ол 2017 жылдың 23 желтоқсанынан бастап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқармасының төрағасы болып қызмет етті.

29 наурызда Есімовтің "Самұрық-Қазына" қорының басшысы қызметінен кеткені белгілі болды. Бұл лауазым Алмасадам Сатқалиевке бұйырды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?