Сенатор ветеринарлардың жалақысын өсіруді ұсынды

Сенаттың баспасөз қызметі Сенаттың баспасөз қызметі
Осы саладағы мамандардың орта жасы 50-55, кейде тіпті 59 жасқа жетіп қалған.

Сенатор Мұхтар Жұмағазиев жұмыс процесінің төмен деңгейде ұйымдастырылуы, еңбек етуге қарапайым жағдайдың жасалмауы, материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі, жалақының төмендігі ветеринар мамандардың қызмет етуге ынтасының азаюына әсер ететінін айтып, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Депутат келтірген ақпаратқа сай, ветеринарлық стансалардың басым көпшілігі мамандардың жеке үйінде, жалға алынған ғимараттарда орналасқан.

Осы саладағы мамандардың орта жасы 50-55, кейде тіпті 59 жасқа жетіп қалғанын ескере отырып, депутат Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының жергілікті деңгейдегі квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің санын 25 пайызға қысқарту тапсырмасымен ветеринарларды қысқартуды белсенді жүзеге асырылуын сынға алды.

Сенатордың айтуынша, бұл мамандықтың болашағы туралы ақпарат та көңіл қуантпайды. "Болашақ" бағдарламасымен осы салада 12 адам ғана шет елдерде оқыған. Олардың басым бөлігі мамандық бойынша жұмысқа орналаспаған. Елдегі ЖОО ветеринария бойынша түлектердің жұмысқа орналасуы 2018 жылы 79 пайыз болса, 2020 жылы 50,3 пайызды құраған.

"Дипломмен – ауылға" мемлекеттік бағдарламасында қойылған мақсаттарды іске асыру шаралары ешқандай сын көтермейді. Соңғы 5 жылда осы бағдарлама аясында 1875 жас маман жұмысқа орналасқан. Оларға ауылда жұмыс істеуге қажетті жағдай жасалса, қызметтік тұрғын үйлер беріліп, әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылса, материалдық-техникалық база күшейтілсе – кадр мәселесі өз шешімін тапқан болар еді, – деді Мұхтар Жұмағазиев.

Сенатор өз сауалында агроөнеркәсіптік кешен үшін кадр даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру бойынша құзыретті Білім және ғылым министрлігінен алып, Ауыл шаруашылығы министрлігіне беру қажеттігіне назар аударды. Осы мамандық бойынша ауыл жастары үшін гранттар санын арттырып, ветеринарлардың жалақысын өсіру, олардың материалдық-техникалық жабдықтарын жетілдіру мәселелерінің өзектілігін де атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз