Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаевқа Жеңіс күнін мерекелеуге дайындық барысы баяндалды

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2021 20:00 inform.kz
Жоғарғы Бас Қолбасшы Қорғаныс министріне еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Президент – Жоғарғы Бас Қолбасшыға ведомствоның биылғы жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмысының қорытындысы, әскердің жауынгерлік дайындығы мен тәртібі, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2021 20:00

Кездесу барысында коронавирус індетіне қарсы күрес жағдайына ерекше көңіл бөлінді. Нұрлан Ермекбаев әскери медицинаның ПТР-зертханалармен қамтылуы жайында айтты. Министрдің сөзінше, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі зертхана іске қосылған, ал Ақтау мен Семейде мобильді кешен жұмыс істеп тұр. Офицерлер мен сарбаздарға вакцина салу жалғасуда. Бүгінде Қарулы Күштер құрамының 20 пайызына екпе егілген.

Министр Мемлекет басшысына "Алтын жебе" арнайы операциясы және "Қалқан-2021" ведомствоаралық кешенді оқу-жаттығу жиындарының нәтижелері, сондай-ақ, екінші жартыжылдыққа жоспарланған "Отпантау" стратегиялық оқу-жаттығуға дайындық жөнінде есеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның халықаралық әскери ынтымақтастық бағыттары, Қарулы Күштерді әскери техникамен жабдықтау, Қарулы Күштердің тұжырымдамасын дамыту жұмыстары туралы айтылды. Сонымен қатар Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге дайындық барысы, 2022 жылы Қазақстан әскерінің құрылғанына 30 жылдығын атап өтуді ұйымдастыру жұмыстары талқыланды.

Кездесу соңында Жоғарғы Бас Қолбасшы Қорғаныс министріне еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: