Жаңалықтар тізбегі
0

Назарбаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясына дайындық барысы туралы баяндалды

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2019 23:18 ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі
Қазақстанның Тұңғыш Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан Республикасың Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан Республикасың Тұңғыш Президенті – Елбасыға Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясына дайындық барысы туралы баяндалды.

Елбасы алдағы іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырудың маңыздылығын айтып, Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы 25 жылдығын мерекелеуге уақтылы әзірлік жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

– Келесі жылы біз Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын атап өтуді жоспарлап отырмыз. Ассамблеяның мерейтойын орталықта да, барлық өңірде де жоғары деңгейде өткізуіміз керек. Келісім, тұрақтылық, халықтар достығы, түрлі этникалық топтар, діни конфессиялар арасындағы өзара құрмет мемлекетіміздің және дамуымыздың негізі саналады. Бұл жоспарланған іс-шараның негізі болуға тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: