Анықтама жасау үшін пара алған шендіге 2,5 млн теңге айыппұл салынды

zakon.kz zakon.kz
Осы іске қатысты медициналық мекемелердің қызметкерлері де сотқа тартылды.

Жамбыл облысының шенеунігі танысының әкесіне ІІ-топтағы мүгедектік мерзімін ұзарту үшін пара алу фактісі бойынша сотталды, деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Айырықша маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров, zakon.kz хабарлайды.

12 сәуірде Тараздағы No2 соттың үкімімен Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зейнебеков кінәлі деп танылып, оған 2,5 млн теңге айыппұл салынды, - деді Биғайдаров.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Жамбыл облысы No5 қалалық емхананың емдеу бөлімінің бас дәрігерінің орынбасары Аймұрзаевқа 1 миллион теңге, ал сыбайлас Шахмановқа 1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Зейнебеков 22 қаңтарда Аймұрзаевтың делдалы арқылы ІІ-топтағы мүгедектік мерзімін ұзартуға көмектескені үшін Шахмановтан 100 мың теңге пара алды, - деп түсіндірді тергеуші.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз