Жаңалықтар тізбегі
0

Пара алған Петропавл қаласы әкімдігінің қызметкеріне 9 млн теңге айыппұл салынды

баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2021 18:22 баспасөз қызметі
Ал Петропавл қаласы әкімі аппаратының басшысы сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Петропавлда "Antıkor ortalyǵy" алаңында СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахиннің қатысуымен "Петропавл қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мадияр Жангудинге қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша ҚР ҚІЖК 200-бабының тәртібінде ұсыным қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 2021 жылғы ақпанда Жангудин тұлғасында тапсырыс беруші ретінде әрекет еткен "Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі" КММ мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде күзет агенттігімен арасында мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) күзету және патрульдеу жөнінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны анықталды.

Лауазымды тұлға заңсыз материалдық баю мақсатында 150 мың теңге мөлшеріндегі ай сайынғы ақшалай сыйақы үшін агенттік директорына шарттың және техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкес өнім беруші объектіні тәулік бойы күзетуді іс жүзінде жүзеге асырмай, серіктестік көрсеткен мал қорымын қорғау жөніндегі қызметтердің актілерін ай сайын бекітуді ұсынды, - деді Нұрлан Жахин.

Осылайша, шенеунік ағымдағы жылдың сәуір айында күзет агенттігінің директорынан алғашқы сыйақы ретінде қолма-қол 50 мың теңге және карточкалық есепшотқа аударым арқылы 100 мың теңге алған кезде облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандарымен әшкерелеген.

Петропавл қалалық сотының үкімімен Жангудин ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған осы бап бойынша пара сомасының 60 еселенген мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды, бұл 9 млн теңгені құрайды, бұған қоса мемлекет кірісіне 150 мың теңге тәркіленіп, оған мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды, - деп мәлімдеді Жахин.

Қарау қорытындысы бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны және ведомстволық бақылаудың жоқтығы үшін СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынымы бойынша Петропавл қаласы әкімі аппаратының басшысы сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: