Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжілістің жаңа депутаты Елнұр Бейсенбаев Жанболат Мамайды дебатқа шақырды

newsroom.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2021 15:09 newsroom.kz
Оның пікірінше, саясаткерлер өздеріне қатысты айтылған сын-пікірге, айыптауларға қоғам алдында жауап қатуы тиіс.

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Жанболат Мамайды дебатқа шақырды, деп хабарлайды zakon.kz newsroom.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Елнұр Бейсенбаев блогер Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында мәлімдеді. Сұхбат барысында Нартай Аралбайұлы депутатқа Жанболат Мамаймен дебатқа шығу ұсынысын тастады.

Дайынмын, шақыра аламын. Жанболат Мамай, екеуіміз бірге дебатқа шығайық. Белгіленген тақырыпта мәселелерді көтерейік. Жалған сөз, жалған ақпарат емес, шынайы, жүйелі ашық форматтағы, жақсы дебат болатынына сенімім мол, – деді Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.

Мамайдың Nur Otan Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке таққан айыптарына қатысты да пікір білдірді.

Бұған дейін Жанболат Мамайдың шулы видеоролигіне қатысты Бауыржан Байбектің өзі жауап қатып, қоғам белсендісін сотқа беретінін ресми мәлімдеген болатын.

Жанболат Мамай Бауыржан Байбекке тағы бір видео арнап, оны дебатқа шақырыпты. Қандай дебат, адамға жала жаптың ба, енді соттың алдында жауап бер. Соттың трибунасын дебат ретінде пайдалан, сол жерге бүкіл дәлелдеріңді жинап әкел де, айтқан сөзіңе жауап бер, айтылған сөз – атылған оқ, – деді депутат.

Оның пікірінше, саясаткерлер өздеріне қатысты айтылған сын-пікірге, айыптауларға қоғам алдында жауап қатуы тиіс. Сонда ғана саяси мәдениетті мемлекет құра аламыз дейді ол.

Сондай-ақ депутат Жанболат Мамаймен жеке таныс екенін және дөңгелек үстелдерде пікірлес болғанан айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: