Жанболат Мамайды қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды
Сурет: Facebook/Инга Иманбай
Тіркеуде жоқ Демократиялық партияның басшысының қамауға алу мерзімі ұзартылғанын оның жұбайы әрі қоғам белсендісі Инга Иманбай мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жанболаттың қамақ мерзімін тағы бір айға, 12 қыркүйекке дейін созды, деп жазды Иманбай Facebook-те.
Ақпан айының соңында Мамай қаңтар оқиғаларының құрбандарын еске алу акциясын ұйымдастырғаны үшін 15 күнге қамауға алынды. Әкімшілік қамауға алынған ол сол күйі босатылмады, өйткені Мамай ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы – Көрінеу жалған ақпарат тарату және билік өкілдерін қорлау бойынша күдікке ілінген.
Маусым айында оған "жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру" және "жалған ақпарат тарату" бойынша тағы қосымша айып тағылды.
Оқи отырыңыз
Назарбаев АЭС бойынша референдумда дауыс берді
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript