Қазақстанның әрбір жиырмасыншы азаматы екпе салдыртқан - Цой

26 Сәуір 2021, 10:50
Сурет: inform.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирусқа қарсы вакцинацияның қарқыны туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Біздің азаматтар вакцинаның қауіпсіз әрі тиімді екеніне көз жеткізді. Қазақстанның әрбір 20-сыншы азаматы біздің елде вакцинациядан өтіп үлгерді. Сондықтан қарқын жақсы жүріп жатыр, біздің қазіргі міндетіміз - мүмкіндік беру, содан кейін азаматтар оқшауланудан шығудың жалғыз жолы осы екенін түсініп, өз еркімен екпені жаппай таңдайды, - деді Алексей Цой отандық вакцинаның алғашқы дозасын алғаннан кейін.

Ол Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында шығарылған QazVaz вакцинасының 50 мың дозадан тұратын алғашқы партиясы қазірдің өзінде аймақтарға жолданғанын атап өтті.

Болашақта кең масштабты қамту үшін біз әртүрлі алаңдарды қарастырамыз, мысалы біздің түрік серіктестеріміздің алаңын, оның үстіне біз қазір Гвардейскийде орналасқан өз зауытымыздың құрылысын аяқтап қалдық. Ол жабдықты орнатудың және одан әрі іске қосудың барлық кезеңдерінен өтеді, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 26 сәуірде өзіне коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын ектіріп, ол тікелей эфирден көрсетілді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?