Елбасы Александр Батсуланың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Ақорда Ақорда
Елбасы Қазақ КСР-нің бұрынғы қаржы министрі Александр Батсуланың қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабыл алды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР-нің бұрынғы қаржы министрі Александр Батсуланың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Елбасы Қазақ КСР-нің бұрынғы қаржы министрі Александр Батсуланың қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабыл алды.

Қарапайым есепшіден Қазақ КСР Қаржы министріне дейінгі ұзақ мансабында ол осы саланың дамуына үлкен үлес қосты.

Мен Александр Ефимовичті республикамыздың Министрлер Кеңесінде бірлескен жұмысымнан жақсы білетінмін. Ол жоғары кәсіби шеберлігімен, терең пайымымен, өз принципіне адалдығымен, тамаша адами қасиеттерімен ерекшеленді. Александр Батсуланың жарқын бейнесі оның таныстарының жадында мәңгі сақталады, делінген жеделхатта.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз