Елбасы Путинге көңіл айтты

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2021 22:43 Ақорда
Қазан қаласында №175 мектептегі қайғылы оқиға салдарынан балалар мен ересектердің қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабыл алдым - Елбасы.

Елбасы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге Татарстан астанасындағы мектепке адам өліміне әкеліп соққан қарулы шабуылға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазан қаласында №175 мектептегі қайғылы оқиға салдарынан балалар мен ересектердің қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабыл алдым. Қайғыларымен бөлісе отырып, қаза тапқандардың отбасыларына және жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуын тілеймін", - делінген жеделхатта.

11 мамырда Қазанда атыс болды.

4 ұл мен 3 қыз бала мектептегі атыс құрбаны болды, ауруханада 16 адам (12 бала және 4 ересек адам) жатыр, - деді Татарстан президенті Рустам Минниханов.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: