Елбасы Ескендір Хасанғалиевтің отбасына көңіл айтты

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2021 05:08 Ақорда
Нұрсқлтан Назарбаев Ескендір Хасанғалиевтің өмірден озғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабыл алды.

Нұрсұлтан Назарбаев халқымыздың біртуар әнші-композиторы, Қазақ КСР-ның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ескендір Хасанғалиевтің өмірден озғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

"Ескендір Хасанғалиев өзінің қайталанбас туындылары арқылы қазақ музыка өнерінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Оның "Атамекен", "Әдемі-ау", "Ескірмеген махаббат" сияқты патриоттық және лирикалық әндері қалың көпшіліктің жүрегінен ерекше орын алып, қазақстандықтардың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен отаншылдық сезімін күшейте түсті. Талантты тұлғаның артында қалдырған мол музыкалық мұрасы мен оның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп кәміл сенемін", – делінген жеделхатта.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: