Садыр Жапаров Тоқаевқа көңіл айтты
president.kg
Адам шығына әкеліп соққан жарылыс туралы хабарды қатты қайғыра отырып, зор күйзеліспен қабыл алдым - Қырғыз елінің президенті.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жамбыл облысындағы әскери бөлімде болған жарылыстан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Адам шығына әкеліп соққан жарылыс туралы хабарды қатты қайғыра отырып, зор күйзеліспен қабыл алдым. Қырғыз Республикасы халқының атынан және өз атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтамын. Қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің барлығына тезірек сауығып кетуін тілеймін, делінген көрші Мемлекет басшысының жеделхатында.
Айта кетсек, 26 тамызда сағат 19.00 уақытында Жамбыл облысында жарылыстар болды. Бес адамның қаза тапқаны айтылады. Олардың барлығы әскери қызметкерлер. Зардап шеккендердің саны 90-ға жетті. Жергілікті халық мектептерге эвакуацияланды. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетуге дайын екенін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript