Абхазия мен Осетиядан көлік алып, Қазақстанда жүруге болады

26 Сәуір 2021, 15:44
Сурет: avito.ru

Қазіргі таңда Абхазия және Оңтүстік Осетия автокөлік құралдарын сатып алу мүмкіндігі халық арасында белсенді қызығушылық білдіруде. Осы автокөлік құралдарын сатып алып, еліміздің аумағында еркін жүру үшін заңдастыруға бола ма? ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде осы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Аталған автомашиналар Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағына Ресейдің өткізу пункттері арқылы уақытша әкелінеді, олар өз мәртебесі бойынша шетелдік тауарлар болып табылады (яғни ЕАЭО тауарлары болып табылмайды) және кедендік бақылауда болады.

Егер көлік құралының иесі Абхазия, Оңтүстік Осетия заңды тұлғасы болса - көлік құралының кедендік декларациясы (КҚКД), ал егер көлік құралының иесі осы республикалардың резидент жеке тұлғалары болып табылса - жолаушылар кедендік декларациясы (ЖКД) уақытша әкелуді растайтын құжат болып табылады, - деп ескертті Мемлекеттік кірістер комитетінде.


ЕАЭО Кеден кодексінің 264-бабының 6-тармағына және 275-бабының 2-тармағына сәйкес, уақытша әкелінген көлік құралдары ЕАЭО кедендік аумағында декларанттың, яғни көлік құралын әкелген тұлғаның, нақты меншігінде және пайдалануында болуы керек.

Дегенмен, бүгінгі таңда Абхазия және Оңтүстік Осетиядан уақытша әкелінген көлік құралдары ЕАЭО кедендік аумағында болған кезеңде, заңмен белгіленген шектеуді бұза отырып, сенімхат бойынша (иелену, билік ету немесе иеліктен шығару құқығымен) Қазақстан Республикасының азаматтарына сату орын алғаны белгілі.

Бұл ретте, Абхазия және Оңтүстік Осетияның тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын ЕАЭО кедендік аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының резиденттеріне беруді жүзеге асырған тұлғалардың, сондай-ақ мемлекетке келтірілген залал сомасына қарай кедендік төлемдерді төлемей және Қазақстан аумағында пайдалану мақсатында осындай көлік құралдарын сатып алған тұлғалардың әрекеттері қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық сипатқа ие.

Осыған орай, ҚР ҚМ МКК Қазақстанның барлық азаматтарына Абхазия және Оңтүстік Осетия мемлекеттік тіркеуінде тұрған әрі уақытша әкелінген көлік құралдарын сатып алған жағдайда, кедендік тазартудан өткізіп, кедендік баждар мен салықтарды төлегеннен кейін ғана Қазақстан аумағында аталған көлік құралдарын пайдалануға болатынын ескертеді, - деді Мемлекеттік кірістер комитетінде.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?