14 мамырда ауа-райы қандай болады
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" хабарлағандай, республиканың кей аймақтарында жел күшейіп, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл, оңтүстікте- шаңды дауыл, оңтүстік-батыста – тұман.
Шығыс Қазақстан, Павлодар, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Батыс- Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі.
Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерінде тұман күтіледі.