Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2021 21:47 Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Медетов Расул Махмудұлы 1986 жылы туған, білімі жоғары.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Медетов Расул Махмудұлы Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Медетов Расул Махмудұлы 1986 жылы туған, білімі жоғары.

2008 жылы Алматы заң академиясын "Құқықтану", 2010 жылы "Қазтұтынуодағы" Қарағанды экономикалық университетін "Экономика", 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын "Заң және саясаттану" (магистратура), 2016 жылы Шеффилд университетін (Ұлыбритания) "Басқару және мемлекеттік саясат" (магистратура) мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Алматы гарнизоны әскери сотының жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің бас сарапшысы, Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Жоғарғы Сот Төрағасы хатшылығының сарапшысы, ішкі бақылау бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі көрсетілетін мемлекеттік қызметтер департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.

2020 жылғы қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің серіктестік департаментінің директоры лауазымында қызмет атқарып келді.

Президенттік жастар кадр резервінің құрамында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: