Жаңалықтар тізбегі
0

Самат Сүлей Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Жамбыл облысы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2021 21:27 Жамбыл облысы әкімдігі
Самат Мирұлы 1985 жылы туған, білімі жоғары.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі болып Самат Сүлей тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Самат Мирұлы 1985 жылы туған, білімі жоғары.

2008 жылы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін "халықаралық журналистика", 2019 жылы Стамбул университетін (Түркия мемлекеті) "журналистика" мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Ол еңбек жолын 2005 жылы "Хабар" Агенттігі" акционерлік қоғамында редактор болып бастаған.

Әр жылдары "Хабар" Агенттігі" акционерлік қоғамында 2006-2009 жылдары "Азамат", "Таразы", "Арнайы репортаж" бағдарламаларының продюсері, "Жеті күн" бағдарламасының редакторы болып еңбек еткен. 2014-2017 жылдары "Астана" телеарнасы және "Қазақ" радиосының Түркиядағы меншікті тілшісі, 2017-2018 жылдары Маңғыстау облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының "Өңірлік коммуникациялар орталығы" басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

2018-2021 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы лауазымында қызмет атқарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: