Алматыда ер адам еш себепсіз студентті сабап тастады

27 Сәуір 2021, 14:46
Сурет: prozhektor.info

Алматыда белгісіз біреу подъезде студентке шабуыл жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл оқиға жайлы Әсем Қараулова Facebook-тегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, оқыс жайт 21 сәуірде Тастақ ауданындағы тұрғын үйдің подъезінде болған.

Бұл адам менің ұлыма себепсізден себепсіз шабуыл жасады. Ұлым подьезден шыққан кезде, мұрнынан жұдырықпен бір қойған. Одан кейін тағы да төпелей түсіпті. Ал ұлым оны бірінші рет көріп отырған адамым дейді. Менің ойымша, бұл біздің подъезге құпия орыннан есірткі алу үшін келген адам болуы мүмкін. Әйтпесе біздің үйде оны ешкім танымайды. Ол туралы ақпарат жоқ. Ұлыма тап берген сәті түсірілген видеоны алып, полицияға бердік, арыз жаздық, - деді ол.

Жазба авторы учаскелік полиция қызметкерінің "білгеніңізді жасаңыз" деп арызды жақтырмай қабыл алғанын атап өтеді.

Мүмкін оны біреу білер? Бұл адам анық қауіпті және ертең ол тағы біреулерге себепсіз шабуыл жасауы әбден мүмкін. Шамамен 25-30 жаста, сыртқы түрі еуропалық тип, бойы 180 см шамасында, дене бітімі қалыпты, шашы мен сақалы ақшыл, - дейді Қараулова.

Қалалық полиция бұл оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бұл факт Алмалы аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық қудалау органы қабылданған шаралар туралы ақосымша хабарлайтын болады, - деді Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?