БҚО да ер адам әріптесін сабап өлтірді
pexels.com
ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі, "Денеге қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.
БҚО-да әріптесін ұрып өлтірген адам ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.
"Мой город" порталы хабарлағандай, қайғылы оқиға Ақсай қаласында орын алған. Бірге пәтер жалдап тұрып жатқан, бір жерде жұмыс істейтін екі ер адам өзара сөзге келіп, арты төбелеске ұласқан.
БҚО полиция департаменттіндегілер атап өткендей, 49 жастағы ер адам өзінің 47 жастағы әріптесін қатты жарақаттады. Жарақат алған жәбірленуші Бөрлі ауданының орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізіліп, сол арада есін жимастан қайтыс болды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі, "Денеге қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды, деп толықтырады департаменттегілер.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript