Мас күйінде кісіні өлімші етіп сабаған БҚО тұрғыны 8 жылға сотталды

Сот үкімі, БҚО, мас адам, кісіні өлімші етіп сабау, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2023 19:15 Сурет: Zakon.kz
Бәйтерек ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 106 бабының 3-бөлігі, "Зардап шегушінің абайсызда өліміне әкеліп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, сол кеште төрт адам спирттік ішімдік тұтынған. Ер адам мен әйел адам соңында ұйықтау үшін үйге кіріп кетеді. Жеке қалған Ф. мен Ч өзара сөзге келіп қалады. Ф. мас күйінде, Ч-ны басынан аямай ұрады. Ол сұлап түседі. Содан кейін Ф. Ч-ны үйге кіргізеді, сол кезде олардың арасындағы жанжал қайта жанданады.

"Өзінің физикалық мүмкіндігін пайдалануды жөн көрген ауыр салмақтағы Ф. Ч-ны аямай соққының астына алады. Ауыр жұдырық зардап шегушінің басына, бетіне, денесіне, аяқтарына тие бастайды. Төбелес кезінде әйел адам - Л. оянып жанжалды тоқтатуға тырысады. Өз әрекетінен түк шықпасын білген Л. Ж-ны оятады, ол Ф-ның кеудесінен жұдырықпен түйіп жібереді, сол кезде ол өзінің қылмыстық әрекетін тоқтатып, оқиға орнынан қашып кетеді. Ал зардап шегуші бұл кезде еденде сұлап жатқан", делінген сот хабарламасында.

Сот отырысында сотталушы кінәсін толықтай мойындады.

Сот Ф-ны ҚР ҚК-нің 106 бабының 3 бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, жазасын бойынша қауіпсіздіктің қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтей отырып 8 (сегіз) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі үкім шығарды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: