Қаңтар оқиғасы: Алматы облыстық ҰҚКД-ның экс-басшысы 6 жылға сотталды

Қаңтар оқиғасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2023 20:14 Сурет: Zakon.kz
Талдықорған қалалық сотында лауазымды адамның өз құқықтары мен өкілеттіктерінен тыс және ауыр зардаптарға әкеліп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануы фактісі (ҚР ҚК-нің 362-бабының 4-бөлігі) бойынша К-ге қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сотпен анықталғандай, К. Алматы облысы ҰҚКД бастығы бола тұра, өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалана отырып, 2022 жылғы 5 қаңтарда орын алған оқиғаларды ескере келе, өзінің лауазымдық міндеттерін елемей, жеке құрамға департамент ғимаратын қорғау жөнінде шаралар қолданбауға; әкімшілік ғимараттан кетуге; қызметтік және құпия құжаттаманы жоюға және тұрғылықты жерлеріне тарауға заңсыз бұйрық берген, оның салдары кейін ҰҚКД ғимаратын басып алуға әкеліп соқтырды ("құпия" деген белгіге байланысты басқа мән-жайларды жария ету мүмкін емес)". Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі

Сот үкімімен К. 362-баптың 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 10 жыл мерзімге құқық қорғау органдарында белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғаны да нақтыланады.

"Қазақстан Республикасының Президентіне К.-ге қатысты Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағынан және мемлекеттік наградалар мен ордендерден айыру туралы ұсыныс енгізілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", делінген Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: