Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысы ДСБ басшысы пандемия кезінде бюджетке қол сұққаны үшін сотталды

Сыбайлас жемқорлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2022 21:15 Сурет: Zakon.kz
Көкшетау қалалық сотында Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-бөлімшесі бойынша қылмыс жасады деп айыпталған үш адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл бап жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Сот анықтағандай, Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы мен оның сыбайласы - ЖШС директоры елде жарияланған төтенше жағдай кезеңінде өзара алдын ала сөз байласып, жеке медициналық жабдықтар (2 наркоз-тыныс алу аппараты, 7 медициналық төсек-орын және 1 өкпені жасанды желдету аппараты) сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырған. Олардың бұрын қолданыста болған, өндірістен алынған және дайындаушы зауыттардан кепілдіксіз жабдықтар сатып алғаны анықталды. Бұл қолданыстағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкес келмейді. Сол себепті, осы екі сотталушы тарапынан жасалған қылмыстық әрекеттермен мемлекетке 86 млн 895 мың теңге - аса ірі көлемде материалдық залал келтірілді. Көкшетау қалалық сотының баспасөз қызметі

Ал, Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері болып істеген үшінші тарап, қызметінен босатылғанына қарамастан, жеке құжаттарға қол қойған. Соның салдарынан мемлекетке 25 млн теңгеден астам сомада материалдық залал келтірілді.

Облыстық соттың баспасөз қызметі атап өткендей, прокурор соттан сотталушылардың үшеуіне 10-8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Жәбірленушінің өкілі - Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы да заңның барлық қатаңдығы бойынша жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушылар кінәсін мойындамады.

Сот үкімімен Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы мен оның сыбайласы - ЖШС директоры Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-бөлімшесі бойынша жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеумен, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарға орналасуға өмір бойына тыйым салумен 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері болып істеген Қ. Тәшметов Қылмыстық кодекстің 195-бабының 4-бөлігімен жеке эпизод бойынша (алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру) кінәлі деп танылды. Ол «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының қолданылуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Аталған іс бойынша залал толық көлемде өтелді.

Сонымен бірге, Қ. Тәшметовты «Парасат» мемлекеттік наградасынан айыру туралы ұсыныс енгізілді. Бұдан бөлек, сотталушы ЖШС директорының қымбат автокөлігі мемлекет кірісіне алынды.

Прокурор мен жәбірленушінің азаматтық талап-арызы қанағаттандырылды, сотталғандардан жәбірленушінің пайдасына 86,8 млн теңге сомасындағы материалдық залалды өтеу ортақ тәртіппен өндіріп алынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: