Электрлік скейтбордпен баланы қаққан ақтаулық жарты жылға сотталды
"Cотталушы М. 17.04.2024 жылы, сағат 18.00 шамасында 6-мөлтек аудан, №36 үйдің жанында, жаяу жүргіншілерге арналған жолақта, электрлік скейтбордын басқарып, техникалық талаптарды сақтамай, кәмелет жасқа толмаған жәбірленуші Б.-ны қағып, нәтижесінде оның денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтiрген". Маңғыстау облыстық соты
Прокурор М.-ды абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiргені үшін кінәлі деп танып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындауды сұрады.
Жәбірленушінің өкілі сотталушы М.-ді заңға сәйкес жауапкершілікке тартуды сұрады.
Сотталушы М. өзінің кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушының кінәсі жәбірленушінің және кінәні мойындау туралы сотталушының жауаптарымен, өзге де іс-құжаттарымен дәлелденді.
Сонымен қатар, сотта жәбірленушінің заңды өкілінің сотталушыны заңға сәйкес қатаң жаза қолдануды, себебі жәбірленушінің жабық бассүйек-ми жарақаты, күмбез сүйегінің сынуы, ми шайқалу жарақаттары келгенін, пікірі ескерілді.
"Сот М-ге жаза тағайындау барысында қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жай ретінде оның кінәсін мойындап, шың көңілімен өкінетінін, ал жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоқ екенін ескеріп, сотталушы М.-ды ҚК-тің 114-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады". Маңғыстау облыстық соты
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.