Қостанай облысында әйеліне от қойған ер адам 5 жылға сотталды

Қостанай облысында әйеліне от қойған ер адам 5 жылға сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2026 21:11 Сурет: pixabay
Қостанай ауданаралық сотында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру айыбы тағылған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың анықтауынша, 2025 жылдың тамыз айында сотталушы К. Қостанай ауданындағы саяжай аумағында жәбірленуші С.-мен жанжал кезінде әйелдің үстіне бензин құйып, өртеп жіберген. Оқиға салдарынан әйел денесінің шамамен 30-35%-ын термиялық күйік шалған. Сарапшылар бұл жарақаттарды өмірге қауіпті белгісі бойынша денсаулыққа келтірілген ауыр зиян ретінде бағалады.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға жазаны орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 6 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші қатаң жаза тағайындауды талап етті. Ал сотталушы кінәсін мойындап, жаза тағайындауда баптың ең төменгі шегіне жақын мерзім беруді өтінді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі баламасыз жаза көздейді.

Жаза тағайындау кезінде сот сотталушының асырауында кәмелетке толмаған баласының болуын жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, оны орташа қауіпсіздік мекемесінде 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сонымен қатар, сот жәбірленушінің материалдық шығын мен моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық талаптарын қанағаттандырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: