Шымкент әкімдігін 10 млн теңгеге бопсалаған блогер сотталды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2026 17:22 Фото: Zakon.kz
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында блогерге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың мәліметіне сүйенсек, сотталушыға ірi мөлшерде мүлiк алу мақсатында жасалған қорқытып алушылық, яғни жәбiрленушiнi масқаралайтын, оның мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп бөтеннің мүлкін талап ету айыбы тағылған.

"Е. 2025 жылдың қазан айында Шымкент қаласы әкімдігінің беделіне нұқсан келтіретін постты әлеуметтік желілерде жариялап, әкімдіктің өкілі Ж.-мен кездесу барысында өзімен 10,0 млн. теңгеге тапсырыс бойынша ақпараттық келісім шарт жасауды, болмаған жағдайда әкімдікті масқаралайтын жазбаны өзінің парақшасына жариялайтынын айтып қорқытып, 2025 жылғы 6 қарашада 990 000 теңгені анасының банктік есеп шотына аударым жасатып алған",- делінген ақпаратта.

Сотталушы кінәсін ішінара мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.

Осылайша, сот оны бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Бұған дейін еліміздің шығысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: