Жамбыл облысында сегізінші сынып оқушысын өлтірген үш қатарласы сотталды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон   , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2025 10:05 Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұзақылық және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша айыпталған үш кәмелетке толмаған оқушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың ақпаратынша, кәмелетке толмаған сотталушылар адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы, Байзақ ауданы Құмжота ауылындағы мектептің әжетханасында 8-ші сынып оқушыларын жинап, бағыну мен нұсқауларын орындауды талап етіп, олардың кеуде тұсынан жұдырықпен ұрған.

"Кеудесінің сол жақ бөлігінен алған соққылардың салдарынан кәмелетке толмаған оқиға орнында қайтыс болған",- делінген ақпаратта.

Сот шешімі:

Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, Л.Н.-ға — 6 жыл 8 айға бас бостандығын айыру, Л.Л.-ға — 6 жыл 8 айға бас бостандығын айыру, Т.-ға — 1 жылға бас бостандығын шектеу жазалары тағайындалды.

"Мемлекет кірісіне сот сараптамаларына жұмсалған процестік шығындар, жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлем, сондай-ақ жәбірленуші тараптың пайдасына сотталғандар Л.Н.-нің заңды өкілінен 6 млн. теңге, Л.Л.-дің заңды өкілінен 5 млн теңге моральдық зиян өндірілді".Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Қостанайда интернет-алаяқтардың көбейгендігі хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: