Қостанайда интернет-алаяқтар көбейді
Фото: freepik
Қостанай облысының полициясы өңірдегі интернет-алаяқтардың көбеюіне байланысты жергілікті тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство алаяқтардың әрекетін келесідей сипаттады.
"Сізге ұялы байланыс операторы ретінде қоңырау шалып, SIM картаның жақын арада бұғатталатыны туралы хабарлайды. Әрекетті ұзарту үшін олар сіздің телефоныңызға келетін смс-кодты сұрайды",- делінген ақпаратта.
Полиция мұндай қоңырауларға сенбеуге шақырды.
"Бұл алаяқтық! Осылайша, олар сіздің құрылғыңызға және мобильді банкингке қол жеткізе алады. Ешқашан SMS-те алынған кодтарды ешкімге бермеңіз және бейтаныс абоненттер сізге ұсынатын әрекеттерді орындамаңыз! Сақ болыңыз және деректеріңізді қорғаңыз!",- деп қорытындылады.
Бұған дейін интимдік сипаттағы материалдарды таратқан қылмыстық топ ұсталғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript