Алматыға мәртебелі қонақтар келеді: жолдар бірнеше күнге жабылады
Сурет: Алматы әкімдігі
Алматы полиция департаменті жол қозғалысындағы шектеулерге байланысты тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
30 мамыр мен 6 маусым аралығында Алматыда бірқатар халықаралық іс-шаралар өтеді:
- 30-31 мамыры Алматыда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы;
- 2-3 маусымда Алматыда ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің отырысы;
- Осы жылдың 5-6 маусымы Алматыда ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы өтеді.
"Осыған байланысты, іс-шаралардың ауқымын, сондай-ақ қатысушылар мен қонақтардың санын ескере отырып, Алматы қалалық полиция департаменті көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылғаны туралы хабарлайды. Айта кету керек, жол шектеулері қоғамдық көліктерге әсер етпейді. Біз азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және кептелістерді болдырмау үшін алдын ала бағыттарын реттеуді сұраймыз".Алматы полиция департаменті баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript