Ақтөбе облысында интернаттың 8-сынып оқушысын өлтіріп алғандар жазаланды

Сот үкімі, Ақтөбе, спорт мектебі, 8-сынып оқушысының өлімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2024 17:58 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 6 желтоқсанда Есет батыр атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернат оқушысының өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сот қылмыстық жаза тағайындау кезінде сотталушылардың бұрын-соңды сотталмағанын, сотталушы Ж-ның кәмелеттік жасқа толмағанын қылмыстық жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жай деп таныды.  Сот үкімімен сотталушы Қ. кінәлі деп танылып, оған 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, ал сотталушы Ж. кінәлі деп танылып, оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Азаматтық талап қоюшы Қ-ның азаматтық талап қоюы ішінара қанағаттандырылды". Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Сотта 2024 жылдың 11 сәуірінде Қ. Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 2-курс студенті бола тұра аталған оқу орнының еркін күреспен айналысатын 8-сынып оқушыларының тәртіптері мен спорттағы нәтижелерінің нашарлауына байланысты жиналыс ұйымдастыруды қажет деп шешкені анықталды. Осы мақсатта сол күні ол кешкі жаттығудан кейін 8- сыныптардың оқушыларын мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің бөлмесіне жинауды Ж.-ға және басқа да 9-10-сыныптың оқушыларына тапсырған.

Өз кезегінде, Ж. сотталушы Қ-мен ойы бір екенін білдіріп, сол күні сағат 21:00 шамасында 8-сынып оқушыларын бөлмеге жинауға қатысқан. Сөйтіп, аталған бөлмеге Қ. келіп, 8-сынып оқушыларын бір сапқа тұрғызып, оларға моральдық пен физикалық қысым көрсетіп, жиналыс жасауға ешқандай өкілеттігі болмаса да, олардың тәртібі мен спорттағы нәтижелерінің төмендеп кеткенін айтып, Ж-ға және басқа да 9 және 10-сыныптың оқушыларына 8-сынып оқушыларын ұруға нұсқау берген. Сондай-ақ, Қ. 9-сынып оқушылары Х. мен Ұ.-ға 8-сынып оқушыларын жәй ұрғандарын айтып, қайта қаттырақ ұруды талап етіп, аталғандар қайта 8-сынып оқушыларын ұрып шыққан. Кейін, Ж. 8-сынып оқушысы Ә-ге келіп, оның екі бетінен шапалақпен тартып, екі иығынан екі қолымен ұстап, оң тізесімен Ә-нің төс бөлігіне жеткілікті күшпен соққы жасап, оның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, соның салдарынан Ә. есін жоғалтып, арқасымен құлап, кейін қайтыс болған.

Сотталушылардың кінәлары жәбірленушілердің, куәлардың, сарапшының, маманның жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, бейне-жазбалармен, заттай дәлелдемелермен және де басқа да айғақтарымен расталады.​

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: