Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда қаңтар оқиғасына қатысып, қайтыс болған жасөспірім сотталды

Тараз, қаралы қаңтар, қаңтар қасіреті, сот Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Тараздағы тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан жасөспірімге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облыстық сотының ресми сайтының жазуынша, прокурор сотталушы О.-ны қайтыс болуына байланысты жаза тағайындамай, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін (ҚР ҚК 272-б. 2-б.) кінәлі деп тануды сұрады.

"Сот О.-ның кінәсін зерделенген дәлелдемелермен дәлелденген деп таныды. Сот үкімімен О. қайтыс болуына байланысты жаза тағайындалмай, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны (ҚР ҚК-нің 272-б. 2-б.) үшін кінәлі деп танылды".Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Сот өкілдерінің мәліметінше, 2022 жылы 6 қаңтарға қараған түні сотталушы (қайтыс болған) О. Тараз қаласында қирату, бұзу және қалалық әкімдік ғимаратының мүлкін жоюға ұласқан жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан. Сондай-ақ әскери қызметшілердің өміріне қол сұғу мақсатында, О. олардан ғимараттан кетуін талап етіп, әкімдікпен бірге өртеп жіберемін деп қорқытқан.

"О.-ның кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен: куәлер К., А., Ж.-ның айғақтарымен, сот-медициналық, сот-биологиялық, сот-медициналық-криминалистикалық, сот-баллистикалық сараптамалардың қорытындыларымен, сондай-ақ фотосурет бойынша тану хаттамасы мен істің басқа да материалдарымен дәлелденді".Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз