Атырауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің офицері сотталды
Қылмыстық істі Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкері ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы, ҚК 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.
Сот сотталушы қабылдаған антты бұзу арқылы қылмыс жасағанын жазаны ауырлататын жағдай деп таныды. Сот оның жасы мен отбасылық жағдайын жеңілдететін жағдай деп таныды. Сот үкімімен сотталушы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сотталушы 5 санатты біліктілік сыныбынан айырылды.Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Соттың анықтағаны
Тергеу мәліметі бойынша, 2021 жылғы сәуір айында сотталушыға «П.П» ЖШС басқарма төрағасына қатысты Департамент қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізгені белгілі болған.
2021 жылғы 26 маусымда М. жәбірленуші Б- мен кездесіп, оған қатысты тексеруді тоқтатуға ықпал ете алатынын айтып, сондай-ақ Департамент пен Агенттіктің басшылығы арқылы оның пайдасына оң шешім шығаратынын айтып ол үшін 30 000 000 теңге талап еткен. 2021 жылғы 30 маусымда сотталушы М. жәбірленушімен қайта кездесу кезінде 21 000 000 теңгеге келіскен. Бұл ақшаны сотталушы М. танысынан Б.-ның пәтерінен алып кетуін сұраған, сол күні М.-ның танысы жәбірленушінің пәтерінен ақшаны алған.Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
Ақша беру кезінде куәгерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұстаған.
Еске салсақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкері 21 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталғаны 2021 жылдың жазында белгілі болды. Қызметкерді Атырауға Нұр-Сұлтаннан арнайы келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері ұстады.