Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жаңа төраға тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Олжас Абайұлы Бектенов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалсын, – делінген Ақорда хабарламасында.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Олжас Абайұлы Бектенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.
Олжас Бектеновтің еңбек өтілі:
Алматы қаласы Әділет департаментінде бөлімнің бас маманы (2002-2006);
ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімінің сарапшысы (2006);
ҚР Президентінің Әкімшілігіндегі жұмыс;
ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары;
Астана қаласы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы (01.2015-07.2015);
Астана қаласы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі (07.2015-2016 ж.);
2019 жылдың маусымынан бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.