Алматылықтарға "арзан" пәтер мен көлік сатқан алаяқтар ұсталды
zakon.kz
ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабының 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Алматыда қала тұрғындарына "арзан" пәтер мен көлік ұсынған алаяқтар әшкереленді, деп хабарлайды zakon.kz.
1983 және 1985 жылы туған азаматтар бірнеше ай бойы қымбат автокөліктер мен пәтерлерді қысқа мерзімге жалға алып, оны арзан бағаға қайта сатқаны анықталды, - деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
Полицияның айтуынша, алаяқтар сатып алушыларды таныстары арқылы "ауыздан ауызға" тарату әдісімен тауыпты. Олар тауардың толық өтемін алған соң ғана мүліктің құжаттарын береміз деп, клиенттерді алдаған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабының 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Тергеу барысында күдіктілердің бірлесіп жасаған қылмыстарының жаңа эпизодтары ашылды. Қазіргі уақытта қосымша бес қылмыстық іс дәлелденді. Тергеу амалдары басталып, күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды, - деп толықтырды ПД.
Полиция осы тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса, мына телефондарға қоңырау шалуын сұрайды: + 7-708-707-92-02; + 7-705-555-77-63; + 7-775-774-44-41 және + 7-775-106-18-84.
Жайна Тәттімбетова
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript