Өскеменнің экс-әкімі жаңа лауазымынан айырылатын түрі бар
Жақында жаңа лауазымға ие болған Өскеменнің бұрынғы әкімі Қуат Тұмабаев қызметінен босатылуы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазіргі уақытта ол ҚР Сауда және интеграция министрлігінде Экспортты ілгерілету департаментінің директоры қызметін атқарады.
Nur Otan партиясының бақылау комитетінің төрағасы Артур Платонов Facebook-те жақындағы осы қызметтік тағайындауға қатысты пікір білдіріп, жазба жариялады.
Моральдық тип жайлы не деуге болады? Ал моральдық құқық туралы не дейміз? Бұқаралық ақпарат құралдары Қ.М.Тұмабаевтың Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты жылжыту департаментінің директоры қызметіне жуырда сәуір айында тағайындалғандығы туралы ақпарат жариялады. Бұл тағайындау әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі реакция туғызды. Оның жөні де бар. Өйткені 2018 жылдың тамыз айында Өскемен қаласының әкімі Тұмабаев мас күйінде жаяу жүргіншіні қаққан Риддер қаласы әкімінің орынбасары Б.Құрманбаевтың көлігінде болған. Жол-көлік оқиғасынан соң К.Тұмабаев басқа біреудің көлігінің рөліне отырып, оқиға орнынан кетіп қалған. Тәртіптік комиссияның шешімімен Қ.Тұмабаевқа мемлекеттік қызметкерге толық сай келмеу бойынша ескерту жасалды, ал Nur Otan партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметов "оның мұндай жоғары лауазымды қызметтіе болуына моральдық құқығы жоқ", деп атап өтті Платонов.
2018 жылдың 13 тамызында Тұмабаев өз еркімен қызметінен босату туралы өтініш жазды.
Депутат жақында оның ҚР Сауда және интеграция министрлігі Экспортты ілгерілету департаментінің директоры болып тағайындалуы Nur Otan партиясы мүшесінің Саяси платформасы мен Этикалық кодексінің құндылықтарына қайшы келетіндігін атап өтті.
Осыған байланысты партияның беделіне нұқсан келтіргені үшін астаналық партиялық бақылау комиссиясының ұсынысы бойынша Тұмабаев партия қатарынан шығарылды. Тұмабаевты қазіргі қызметінен босату туралы ұсыныс хат ҚР Сауда және интеграция министрлігінің басшылығына жолданды, - дейді ол.